Тәртіп сақшылары 3 күнде 6 миллион теңге өндірді

926

Өскеменде 27-30 қаңтар аралығында "Айыппұл төле" акциясы өтті.

Тәртіп сақшылары 3 күнде  6 миллион теңге өндірді

Тәртіп сақшылары сот орындаушысымен бірге өткізген "Айыппұл төле" акциясында аясында 6 миллион теңге өндірді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Акция Өскемен қаласында 27-30 қаңтар аралығында өтті.

"Аталған күндерде тәртіп сақшылары 462 әкімшілік айыппұлды анықтап, 6 миллион теңге өндірді. Сонымен қатар борышкерлерге 65 хабарлама беріп, 800 мың теңге көлемінде 70 квитанция өндіріп алды", – деп мәлімдеді Өскемен қаласы ІІБ баспасөз қызметі.

ІІБ мәліметінше, үш күн ішінде әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алу үшін, сот орындаушысы құқық бұзушыларға қатысты 258 қаулы шығарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу