Петропавлдық тәртіп сақшылары Қазақстан полициясының 25 жылдығына арнап елден ерек флешмоб өткізді, деп хабарлайды 24.kz.
Құқық қорғаушылар орталық көшеде қаз-қатар тұрып, Құрманғазының күйі "Адайды" бір мезетте күмбірлете орындады. Кіші сержанттан бастап майорға дейін домбыраның құлағында ойнап, көпшіліктің көңілінен шықты. Тұрғындар ұлттық саз аспабын ұстаған тәртіп сақшыларын суретке түсіріп, өнеріне тәнті болды. Сонымен қатар олар ашық аспан астында "25" саны мен "ішкі істер органдары" деген жазуды бейнеледі. Шараға 500-дей адам қатысты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу