Тәртіп сақшылары пара үстінде ұсталды

1109

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Тәртіп сақшылары пара үстінде ұсталды Фото: inbusiness.kz

Петропавлда патрульді полиция батальонының екі қызметкері 300 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Петропавл қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының екі қызметкері параны алып жатқан кезінде ұсталған. Солтүстік Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, тәртіп сақшылары автокөлік жүргізушісінен оны әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін 300 мың теңге көлемінде ақша алған.

Қазір осы іске қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Түпкілікті шешім тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша қабылданады.

Мамандардың айтуынша, лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеті туралы азаматтар жүгінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу