Семей-Павлодар тас жолында патрульдік экипаж жол бойында қозғалысы сенімсіз жүк көлігін байқап, оны тоқтатқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жүргізуші көліктен шығып өзін нашар сезінгенін айтып, бірнеше секундтан кейін есінен танып қалған.
Полицейлер дереу жүрек-өкпе реанимациясын жүргізіп, науқастың жүрек соғысын қалпына келтірген.
Жедел жәрдемді күтпей, жүргізушіні Семей қаласына жеткізіп, дәрігерлерге табыстаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу