Тәртіп сақшыларына жаңа қызметтік автокөліктердің кілті табысталды

1139

Тәртіп сақшыларына жаңа қызметтік автокөліктердің кілті табысталды

ШҚО Аягөз ауданындағы Шұбартау, Ақтоғай, Тарлаулы, Малгелді сияқты шалғай ауылдарда жұмыс істейтін учаскелік полицейлерге жаңа автокөліктердің кілті табыс етілді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің жетекшісі Марат Төлегеновтің айтуынша, ағымдағы жыл басынан бері Аягөз ауданында 373 қылмыстық іс тіркелген. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 12 пайызға төмен.

"Аудан орталығынан шалғайда жатқан елді мекендерге берілген бұл көліктер учаскелік полицейлердің жұмысын жеңілдетініне сенімім мол. Айта кетейік, биыл аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері аса ауыр бес қылмысты ашты. Жалпы, осы күнге дейін Аягөзде орын алған қылмыстардың 83 пайызы ашылды", - дейді Марат Төлегенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу