Тәртіпсіздіктен жапа шеккен кәсіпкерлердің несиелеріне өсімпұл есептелмейді

1199

Бұл туралы ҚР ҚНРДА Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директорының орынбасары Ернар Оразбаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тәртіпсіздіктен жапа шеккен кәсіпкерлердің несиелеріне өсімпұл есептелмейді

Спикердің айтуынша, несиелерін кешіктірген кәсіпкерлерге қандай да бір айыппұлдар салынып, қосымша төлем тағайындауға тиым салынған.

"Қазақстанда төтенше жағдай кезінде және қаңтар оқиғалары барысында зардап шеккен заңды тұлғалардың несиелері бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар тағайындауға тыйым салынды. Сондай-ақ талап қою жұмыстары тоқтатылды. Халықты және бизнесті қолдау мақсатында 11 қаңтарда ведомство осындай бұйрық қабылдаған", – деді Ернар Оразбаев.

Сонымен қатар Ернар Оразбаев қазір Қазақстанның банк секторындағы жағдай тұрақты екенін атап өтті.

"Қазір банктер қалыпты режимде жұмыс істеуде. Секторда жағдай тұрақты. Бұл ретте кәсіпкерлердің несиелерін кешіктіріп төлеуі қарыз тарихына әсер етпейтінін атап өткен жөн. Мәліметтер Бірінші кредиттік бюроға жіберілмейді", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу