Тәртіпсіздіктер кезінде қайтыс болған көпбалалы әйелдің отбасына пәтер берілуі мүмкін

1238

Бұл мәселені Алматы әкімі жеке бақылауына алды. 

Тәртіпсіздіктер кезінде қайтыс болған көпбалалы әйелдің отбасына пәтер берілуі мүмкін

Бақытжан Сағынтаев Жанар Өтегенованың отбасына көңіл айтып, көпбалалы шаңыраққа тұрғын үй бөлу мәселесін жеке бақылауына алғанын жеткізді, деп жазды inbusiness.kz. 

5 қаңтар күні кешке алматылық Жанар Өтегенова жаңа туған сәбиіне дәрі-дәрмек алу үшін, Орталық дәріханаға бармақ болады. Алайда көшеге шыққан келіншекке оқ тиіп, алған жарақатынан көз жұмаған.

Оның жұбайы Нұрсұлтан Бүркітбаев 2014, 2017, 2019 және 2021 жылдары туылған төрт баласымен жесір қалды.

Ерлі-зайыптылар балаларымен жалға алынған уақытша баспанада тұрған.

Алматы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жаппай тәртіпсіздік кезінде қайтыс болған Жанар Өтегенованың жолдасы Нұрсұлтан Бүркітбаевпен кездесіп, көңіл айтты. 

Сондай-ақ оның тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмек көрсету туралы өтінішін жеке бақылауына алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу