Тәртіпсіздіктер кезінде жұмыс істеген дәрігерлер, полицейлер мен құтқарушыларға өтемақы төлене бастады

1239

Бүгінде аталған көмекті 211 адам алды. 

Тәртіпсіздіктер кезінде жұмыс істеген дәрігерлер, полицейлер мен құтқарушыларға өтемақы төлене бастады

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау саласының, құқық қорғау органдарының, ТЖД және құтқару қызметінің ТЖ кезінде зардап шеккен және жұмыс істеген қызметкерлеріне материалдық көмек аударылды, деп жазды inbusiness.kz. 

Хабарланғандай, аталған салалардың зардап шеккен қызметкерлеріне өтемақы төлеу өткен дүйсенбіде басталды. Бүгінде аталған көмекті 211 адам алды. Өтемақы төлеу жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген қызметкерлер марапатталды. Оның ішінде 3882 денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне жалпы сомасы 546,7 млн теңге, 93 құтқарушыларға - 13,1 млн теңге және ТЖД 1207 қызметкерлеріне - 126 млн теңге берілді.

Жақын күндері қалалық Полиция департаментінің 3878 қызметкеріне толық көлемде қаражат аудару аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу