Тартылып бара жатқан Арал теңізінің 15 мың гектар жеріне сексеуіл егіледі

422

Қызылорда облысында Арал теңізінің тартылған аумақтарында жердің құнарлығын сақтау мақсатында 15 мың гектар жерге сексеуіл егіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тартылып бара жатқан Арал теңізінің 15 мың гектар жеріне сексеуіл егіледі Фото: Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Арал теңізінің жағдайы өзекті мәселелердің біріне айналды. Қуаңшылық салдарына теңіз тартылып барады. Десе де, мемлекет тарапынан да жұмыстар атқарылып жатыр.

Мәселен, биыл осы аумақта 100 гектар жерде фитоорман-мелиорация жұмысы жүргізіледі.

Нақты айтқанда сексеуілден бөлек, 85 мың гектар жерге галофитті тұқымдар себіледі екен.  

– Облыс аумағында 7,3 млн гектар жер мемлекеттік орман қорына тиесілі. Оның 3,8 млн гектары – орманды алқаптар. Орман қорының санитарлық жағдайын бақылау үшін көктем және күз айларында 376,3 мың гектар жерге орман патологиялық зерттеу жұмысы жүргізіледі, – деді Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Мәріп Акбар.

Дүниежүзілік банктің қайтарымсыз қаржысы есебінен Қазалы ауданында сексеуіл, саялы ағаш көшеттерін дайындау мақсатында 33,5 гектар аумақта тұрақты орман тұқымбағы құрылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу