"Тарзанкадан" секірген әйелдің өліміне кім кінәлі

1146

Қарағандыда тоғыз қабатты қонақүйдің төбесіндегі "тарзанка" типті аттракционнан секіру кезінде 33 жастағы әйел қайтыс болды.

"Тарзанкадан" секірген әйелдің өліміне кім кінәлі

Күдікті ретінде аттракцион нұсқаушысы қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында 32 жастағы аттракцион нұсқаушысы қауіпсіздік техникасын өрескел бұзғаны анықталды.

"Қылмыстық іс жүргізу кодексі 128-бабы бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин.

Айта кетейік, кеше Қарағандыда "тарзанка" типті аттракционда жазатайым оқиға болып, 33 жастағы әйел көз жұмған еді. Бұл факт бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 306-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу