Ұлыбританияның Йоркшир қаласында тас жолдағы велоспорттан әлем чемпионаты жалғасуда. Әлемдік сын аясында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында топтық жарыс және жекелей сын бәсекелері өткен болатын. Топтық жарыста Қазақстан сапынан ең үздік нәтижені Вадим Пронский тіркеді. Ол – 22 орында, деп хабарлайды Olympic.kz.
Евгений Федоров 24-ші, Глеб Брусенский 49 сатыда. Бұл бәсекеде бірінші орынды италиялық Самуэле Баттистелла иеленді. Екінші орында швейцариялық Штефан Биссеггер, үшінші орында ұлыбританиялық Томас Пидкок.
Жекелей сында Евгений Федоров 35-ші, Вадим Пронский 39 орын алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу