Тас жолы жабылды. 200-ден астам адам пойызбен эвакуацияланды

298

Пойыз бригадасы жолаушыларға қажетті көмек көрсетті.

Тас жолы жабылды. 200-ден астам адам пойызбен эвакуацияланды Фото: Жолаушылар тасымалы

Қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты Көкшетау-Астана тас жолы жабылды. Салдарынан 200-ден астам адам Ақкөл станциясының тас жолынан елордаға дейінгі №6830 ұлттық тасымалдаушының пойызымен эвакуацияланды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, пойыз бригадасы жолаушыларға қажетті көмек көрсетті.

"Жаңа жыл қарсаңында ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, теміржолдағы пойыз бригадасының барлық қызметкерлері жолаушылар пойыздарының қозғалысын қамтамасыз етіп, жолаушыларды тасымалдау кезінде барлық жайлылық жағдайларын жасайды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу