Ташкент-Алматы бағытымен ұшқан әуе кемесінде 7 жолаушы жарақат алды

853

Ұшақ қатты турбуленттілікке тап болды.

Ташкент-Алматы бағытымен ұшқан әуе кемесінде 7 жолаушы жарақат алды

Air Astana KC 128 рейсінің бортында қатты турбуленттілік туралы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz компанияның Телеграм арнасына сілтеме жасап.

“Бүгін әуе компаниясы Ташкент-Алматы бағыты бойынша КС 128 рейсін орындады. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 14:35-те ұшып шыққан. Ұшу кезінде әуе лайнері кенеттен қатты турбуленттілікке тап болды. Алдын ала мәліметі бойынша, жеті жолаушы түрлі дене жарақаттарын алған”, - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, әуе лайнері Алматыға сағат 16.45-те қонды. Ұшақтың экипажы жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ұшқыштар оқиға туралы әуежай қызметіне хабарлаған. Жедел жәрдем көліктері көмек көрсету үшін әуежайда жолаушыларды күтіп алды.

“Әуе компаниясы орын алған жағдайға қынжылады және рейс жолаушыларына қолдан келген көмекті көрсетеді. Оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар тексеретін болады”, - делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу