Ташкент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарына дайындалып жатыр

198

14-15 қараша күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барады.  

Ташкент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарына дайындалып жатыр Фото: inform.kz/uzdaily.uz

Ташкент мемлекеттік сапарға қызу дайындалып жатыр. Көшелерге Қазақстан Туы ілініп, Президенттің суреттері пайда болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"14-15 қараша күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барады. Мемлекет басшылары тет-а-тет форматында келіссөз жүргізеді, сондай-ақ президенттердің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді", – деп жазылған Ақорда таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 қарашада Ташкентте өтетін Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу