Ташкент – Қостанай бағытында тікелей әуе рейсі іске қосылады

231

Өзбекстанның My Freighter әуе компаниясы Қазақстанға жаңа бағыт ашады.  

Ташкент – Қостанай бағытында тікелей әуе рейсі іске қосылады Фото: hdpic.club

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі халықаралық әуе қатынастарының географиясын кеңейту және рейстер санын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың 13 маусымынан бастап Өзбекстанның My Freighter (Centrum Air) әуе компаниясы Қазақстанға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.

Жаңа әуе бағыты Ташкент – Қостанай бағытында іске қосылады.

Рейстер аптасына бір рет – сенбі күндері Airbus A320 ұшақтарымен орындалады.

Көлік министрлігінің мәліметінше, жаңа әуе қатынасының ашылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени байланыстардың дамуына оң әсер етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу