Ташкент – Нұр-Сұлтан бағытында әуе рейсін ашу жайы қарастырылды

1238

Өзбекстан Қазақстан аумағы арқылы Ресейге темір жол қатынасын ашуға ниетті.  

Ташкент – Нұр-Сұлтан бағытында әуе рейсін ашу жайы қарастырылды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

Елші коронавирус пандемиясы кезінде Өзбекстан азаматтарының еліне оралуына жағдай жасаған Қазақстан Үкіметіне алғысын білдірді. Ол сондай-ақ екі ел арасында жүк айналымы транзиті артып келе жатқанын атап көрсетті. Өткен жылы тауар айналымы 3,3 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстанның темір жолымен тасымалданған жүк транзиті көлемі 9 млн тоннаға жетті. 2020 жылдың 7 айында Қазақстан мен Өзбекстан арасында экспорттық-импорттық жүк тасымалы көлемі 5 млн тоннаға жетіп, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 648,32 мың тоннаға артты.      

Эпидемиологиялық ахуал жақсарған жағдайда Ташкент - Алматы бағытындағы әуе рейстерінің жиілігін арттыру және Ташкент - Нұр-Сұлтан бағытында әуе рейсін ашу жайы қарастырылды. Сондай-ақ Түркістан – Самарканд, Тараз – Нүкіс және Ақтау  – Үргеніш бағыттарында әуе рейстерін ашу мәселесі талқыланды. Ол рейстерді қазақстандық әуе компаниялары орындайды деп жоспарланып отыр.   

Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстан мен Ресей арасында темір жол қатынасын ашу мәселесі де қозғалды. Қорытынды шешімді ҚР Ведомствоаралық комиссиясы эпидемиологиялық ахуалды есепке ала отырып қабылдайды.   

Оған қоса, машина жасау саласындағы ынтымақтастық және кооперация жайы қарастырылып, Қазақстанның дәрілік заттары мен препараттарын Өзбекстанға жеткізу мүмкіндіктері талқыланды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу