Ташкент пен Өзбекстанның 5 облысындағы газ құю бекеттерінің жартысынан астамы жұмысын тоқтатты

347

13 желтоқсаннан бастап бұл өңірлердегі 1179 автокөлік газ толтыру компрессорлық станциясының 547-сі жұмыс істейді. 

Ташкент пен Өзбекстанның 5 облысындағы газ құю бекеттерінің жартысынан астамы жұмысын тоқтатты Фото: freepik

Өзбекстанның 5 облысы мен Ташкент қаласындағы газ құю станцияларының жартысынан астамы қызмет көрсетуді тоқтатты. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Газета.uz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Худудгазтаминот" компаниясының мәліметтеріне сәйкес, Ташкент қаласында, Самарқанд, Андижан, Наманған, Ферғана және Ташкент облыстарында 1179 газ құю станциясының 547-сі (46%) белгіленген кестеге сай жұмыс істеп тұр.

"Газ құю бекеттерінің қызметіне енгізілген шектеу газ тұтынушыларға іркіліссіз көгілдір отынды жеткізу мақсатында енгізілді және бұл шешім халықты газбен қамтамасыз етудегі үзілістердің алдын алу үшін қабылданды", - деп атап өтті компания қызметкерлері.

"Узгидрометтің" хабарлауынша, 14−15 желтоқсанда Өзбекстан аумағынан суық ауа массасы шығып, аяз әлсірей бастайды.

Сонымен қатар, елдің Энергетика министрлігі 8 желтоқсанда 7-16 желтоқсан аралығында күтілетін суық мезгілде газ қысымының төмендеуі күтілетінін хабарлады (8 желтоқсанда 0 градус, ал 12 желтоқсанда -16 градус). Осының негізінде, халықты табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында метан құю станцияларының жұмыс уақытын шектеу шаралары қабылдануда.

Бұған дейін, Өзбекстанның Энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов депутаттарға биылғы қыста энергетикалық дағдарысты болдырмау үшін қандай шаралар қабылданғанын және газ бен электр қуатының ықтимал тапшылығы қандай көздерден жабылатынын айтқан болатын.

Оның айтуынша, өткен қыста газдың ең жоғары тапшылығы тәулігіне 21,6 миллион текше метрге дейінгі газға жеткен. Биылғы жылы газ тапшылығын газ қоймаларынан толтыру жоспарланып отыр. Оның өткізу қабілеті 18−20 миллионнан 35−40 миллион текше метрге дейін өсті. Қажет болған жағдайда, кейбір газ құю станцияларына және автокөлік газ толтыру компрессорлық станциясына газ беру 30%-ға қысқарады. Айта кетсек, бұрын олар тәулігіне 15 млн текше метр алатын, ал қазір 5 млн текше метрге дейінгі шектеулер енгізілуі мүмкін.

Сондай-ақ олар "Uzbekistan GTL" синтетикалық сұйық отын шығаратын кешенге газ беруді тәулігіне 5 миллион текше метрге дейін қысқартуы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу