Ташкент трансұлттық теміржол салу туралы келісімді бекітті

244

Қазақстанды айналып өтетін теміржолдың салынуына бүгін соңғы ел – Өзбекстан келісті. 

Ташкент трансұлттық теміржол салу туралы келісімді бекітті Фото: podrobno.uz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қытай — Қырғызстан — Өзбекстан темір жолын салу туралы үкіметаралық келісімді бекітті. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қаулыға сәйкес қытай үкіметі, Қырғызстан министрлер кабинеті мен Өзбекстан үкіметі арасында Қытай — Қырғызстан — Өзбекстан темір жолы жобасын бірлесіп іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім бекітілді", — делінген ведомство ақпаратында.

Аталған халықаралық шартты іске асыруға жауапты құзыретті орган ретінде республиканың көлік министрлігі айқындалды.

Темір жол Қашғар — Торугарт — Макмал — Джалал-Абад — Андижан бағыты бойынша өтеді. Оның жыл сайынғы жүк тасымалдау көлемі 15 млн тоннаны құрайды деп күтілуде, ал тауарларды түпкілікті тұтынушыларға жеткізу мерзімі жеті күнге қысқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу