Ташкентке бағыт алған ұшақ Алматы әуежайына қайта оралды

Оған себеп - ұшақтағы дабыл жүйесінің іске қосылуы.    

Ташкентке бағыт алған ұшақ Алматы әуежайына қайта оралды Фото: Тұрар Қазанғапов

Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

"Алматы-Ташкент бағытында қатынайтын KС 129 ұшағы 8 наурызда түнгі сағат 23:05-те жарты сағат кешігіп ұшып, 00:46-да әуежайға қайта оралды. Қайта оралуға батарея қуаттағышының дұрыс жұмыс істемеуі туралы дабылдың іске қосылуы себеп болған. Рейс басқа әуе кемесімен орындалды. Ол Алматыдан 03:05-те ұшып шығып, Ташкент уақытымен 03:45-те діттеген жерге жетті", – деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу