"Fly Arystan ұшағымен Түркістаннан Ташкентке бару билеті – 25 мың теңге, ал қайтып келу билеті 250 мың теңге шамасында. 10 есе жоғары баға. Неліктен? Кім қадағалайды? Сырттан туристердің келуіне де кедергі ғой. Бұл мәселе халықпен кездесуде көтерілген болатын", – деді депутат.
Бұл сауалға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілі жауап берді.
"Бұл ақпаратты біз тексерейік. Олардың билетті он есе қымбаттатуға құқығы жоқ", – деді министрлік өкілі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу