Ташкентте қыркүйекте Қазақстан өндірушілері көрмесі өтеді

634

Ташкентте қыркүйекте Қазақстан өндірушілері көрмесі өтеді

"Kaznex Invest" экспорт және инвестиция ұлттық агенттігі биыл қыркүйекте Өзбекстан нарығына өз өнімін экспорттауға мүдделі Қазақстан өндірушілерінің Ташкентке сапарын жоспарлап отыр. Мұны "Kaznex Invest" экспорт және инвестиция ұлттық агенттігінің басқарушы директоры Асқар Арынов Астанада өткен Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумы аясында мәлімдеді, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Астанада өткен бизнес-форум аясында өзбек экономикасының барлық салаcы таныстырылатын өзбек өндірушілерінің 40 стенді ұсынылды. Мұнда дәрілік препараттар, жеңіл өнеркәсіп өндірушілері және Өзбекстан экономикасының көшбасшылары – автомобиль өндірушілер бар.

Спикердің айтуынша, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы ұзақ жылдар бойы тұрақты болып келеді.

"Осындай іс-шаралар екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасының дамуына серпін беріп, тауар айналымын едәуір жоғары деңгейге шығаратынына сенімдіміз. Соңғы уақытта Өзбекстанның сыртқы елдермен сауданы жеңілдетуге бағытталған қаржы және сауда-экономика салаларындағы үлкен өзгерісті байқап отырмыз", – деп мәлім етті ұлттық агенттіктің басқарушы директоры.

Сондай-ақ қыркүйек айында Қазақстан кәсіпкерлерінің Ташкентке жауап сапары барысында Қазақстанның өндіріс тауарлары Өзбекстан дүкендері мен дәріханаларында кеңінен ұсынылатыны белгілі болды. Бұдан бөлек "Kaznex Invest" техниканы бірлесіп өндіре отырып, үшінші елдер нарығына шығуды жоспарлап отыр.

Біздің елдер арасындағы тауар айналымына келетін болсақ, ол тұрақты және екі елдің сауда теңгерімі тең, яғни Қазақстанның Өзбекстанға экспорты шамамен 1 млрд-қа жуықтайды және Өзбекстан біздің елімізге бір миллиардқа жуық тауар жеткізеді.

"Kaznex Invest" басқарушы директорының айтуынша, болашақта осы жұмысты одан әрі жалғастыру керек, бұл Қазақстанның тауар желісін және өзбек тауарының импортын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу