Ташкентте өтіп жатқан Гран-при турнирінде Жансай Смағұлов "алтын" алды

944

Ташкентте өтіп жатқан Гран-при турнирінде Жансай Смағұлов "алтын" алды

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Гран-при турнирінде ел намысын қорғаған Жансай Смағұлов алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды  Qsport.kz  порталы.

73 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз құрама қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды. Алғашқы айналымда ауғанстандық дзюдошының мысын басып, жартылай финалда өзбек Мирзохид Фармановтың осал тұсын тапты. Финалда Жансай Смағұлов тағы бір өзбек балуаны, әлемдік рейтингтен отандасымыздан жоғары тұрған Гиосжон Бабоевқа иппон әдісін жасап, қоржынымызға алғашқы алтын жүлдені салды. 

Естеріңізге сала кетсек, Ташкентте өтіп жатқан Гран-при турнирінде Севара Нышанбаева 57 келіде және Абылайхан Шаратов 60 келі салмақта қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Гран-при кезеңінде әлемнің 27 елінен 183 татами шеберлері өзара мықтыны анықтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу