Ташкентте Палестинаны қолдау үшін митинг өткізу әрекеті тоқтатылды

320

Қала орталығы — Әмір Темір алаңында жүзден астам адам жиналып, Палестина халқын қолдау үшін рұқсат етілмеген акция өткізгісі келді. 

Ташкентте Палестинаны қолдау үшін митинг өткізу әрекеті тоқтатылды Фото: podrobno.uz

Өзбекстан астанасының құқық қорғау органдары қалада Палестинаны қолдау үшін митинг өткізу әрекетін тоқтатты. Бұл туралы gazeta.uz хабарлайды, деп жазады Inbusiness.kz.

Агенттіктің хабарлауынша, митингіге үндеу әлеуметтік желілерде бірнеше күн бұрын жүргізіле бастады. Белсенділер бір күн бұрын Ыстамбұлда өткен Палестинаны қолдау митингісін жалғастырмақ болған, тіпті, ұқсас баннерлер жасаған.

Агенттіктің мәліметінше, митингке қатысу үшін елорда орталығына Ташкент тұрғындары ғана емес, басқа өңірлерден келген адамдар да келді. Барлығы 100-ден астам адам жиналды.

Құқық қорғау органдары жоспарланған жиналыс туралы хабардар болды және уақтылы қажетті шараларды қабылдады. Саябақта және оның айналасында полиция мен Ұлттық гвардия қызметкерлері күзетке шықты, сонымен қатар қажетті техникалар жеткізілді.

Агенттік хабарлағандай, қатысушылардың барлығы дерлік ұсталып, ішкі істер бөлімдеріне жеткізілді. Көп бөлігі босатылды. Кейбір азаматтарға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды (РУ Әкімшілік кодексінің 201 — бабы бойынша - "жиналыстарды, митингілерді, көше шерулерін немесе демонстрацияларды ұйымдастыру, өткізу тәртібін бұзу"). Материалдар сотқа берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу