Өзбекстанның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалығы аясында 29 шілдеде Ташкент қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Іс-шараға қатысушылардың бірлесіп суретке түсу рәсімі өтті.
Өзбекстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Владимир Норов сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында бірінші болып сөз сөйледі.
"Бүгінгі таңда Өзбекстанның төрағалығымен серіктестермен арадағы өзара іс-қимыл бойынша 70-тен астам ірі іс-шара өткізілді, олардың 15-і министрлік деңгейде ұйымдастырылды. Олар ШЫҰ дамуының жаңа кезеңінде ынтымақтастықтың әлеуетін ашуға бағытталды. Бұл – өнеркәсіптік кооперация, өңірішілік сауда, көліктік байланыс, инновациялар, кедейлікті қысқарту, цифрлық трансформация, "Жасыл экономика" сияқты сұранысқа ие және перспективалы бағыттар бойынша өзара іс-қимылды арттыру шаралары", –деді Өзбекстан СІМ басшысы.
Бұл кездесу 2022 жылғы 15-16 қыркүйекте Самарқандта өтетін ШЫҰ саммитіне дайындықтың соңғы кезеңі болып табылады.
Табиғат Нұрболат
Фото: aa.com.tr