Ташкентте Үндістан университетінің филиалы ашылды

1095

Amiti University университетінің білім беру жүйесі ағылшын тілінде болады.

Ташкентте Үндістан университетінің филиалы ашылды

Ташкентте Amiti University (Үндістан) филиалы ашылды. Бұл оқу орны IT-мамандарын даярлап, оның ішінде бағдарламалық жасақтама мен аппараттық жүйе таратушы, жасанды интеллект пен АКТ басқару саласындағы мамандарды дайындайды. 

"Университетіміз Үндістандағы ең үздік жекеменшік университеттердің бірі және Азиядағы 300 үздік университеттің бірі. Amiti-дің негізгі ғимараты Ноиде қаласында орналасқан. Онда әлемнің түрлі елдерінен келген 150 мыңға жуық студент білім алады. Қазіргі уақытта АҚШ-та, Ұлыбританияда, БАӘ-де, Сингапурда, Қытайда, Оңтүстік Африкада және басқа елдерде филиалдарымыз бар, – дейді университет президенті Атул Чаухан. 

Ташкенттегі Амити университетінде білім беру жүйесі ағылшын тілінде болады. Биылғы оқу жылында университет 200-ге жуық студентті қабылдауды жоспарлаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу