"Таскескен-Бахты" тасжолы биыл толық пайдалануға беріледі, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі.
Айта кетсек, аталмыш жолды қайта жаңарту жұмыстары 2017 жылдың соңында басталған болатын. Жоспар бойынша жол жөндеушілер биыл жалпы ұзындығы 20 шақырым жол учаскесін жаңартуы керек.
"Аталмыш учаскедегі жұмыстарға 83 бірлік жол-құрылыс техникасы мен 151 адам жұмылдырылған. Бүгінде нысанда бұрғылау, жер қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол жөндеушілер жолдың жоғарғы қабатына асфальт-бетон жабынын төсеуде. Алдағы уақытта темір-бетон құбырларын орнату, Таскескен ауылында "Жол эксплутациялық пунктін" жөндеу жұмыстары басталады",– делінген хабарламада.
Биыл учаскедегі жұмыстар толық аяқталып, пайдалануға берілмек.