Тасқын-2021. 499 гидротехникалық нысанды жөндеу қажет

991

11 облыс пен қаланың су нысандары ескіріп тұр.

Тасқын-2021. 499 гидротехникалық нысанды жөндеу қажет Фото: Мария Матвиенко

Гидротехникалық нысандардың қауіпсіз жұмыс істеуі үшін 499 құрылысқа жөндеу жүргізу қажет, деп хабарлайды Inbusiness.kz. Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин Үкіметтің отырысында осылай деп дабыл қақты. 

"Елдегі 5 951 су шаруашылығы құрылыстарының бес жүзге жуық (499). гидротехникалық құрылыстарын жөндеу қажет. Осыған байланысты, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен өңірлердің әкімдіктері оларды ағымдағы жылы жөндеу үшін қаржы қарастыруы қажет", - деді ол.

Министр бірнеше өңірде иесіз қалған су қоймалары мен бөгеттер бар екенін, олардың қазіргі жағдайы туралы толық мәлімет жоқ екенін айтты. Яғни, Ақтөбе облысында - 4, Қарағандыда – 4, Павлодарда - 1, СҚО да 1 нысанды қауіпсіз ұстау үшін комиссиялық тексеруді ұйымдастыру қажет.

Министр жөндеуді талап ететін гидротехникалық құрылыстардың тізбесін де атады. Оның ішінде республикалық меншіктегі – 60, коммуналдық – 390, жеке меншіктегі – 42, иесіз -7 нысан бар. 

Өңірлер бойынша таратып айтсақ, Нұр – Сұлтан қаласында -1, Алматы қаласында – 9, Шымкент қаласында – 2, Алматы облысында – 43, Ақмола облысында – 35, Ақтөбе облысында – 1, ШҚО – 62, Жамбыл облысында – 23, БҚО – 13, Қарағанды облысында – 233, Қостанай облысында – 22, Қызылорда облысында – 11, Павлодар облысында – 1, СҚО – 7, Түркістан облысында - 37 нысан.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу