Тасқын салдарынан Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағына айтарлықтай зақым келмеген

195

Талдау жұмыстарын жүргізген мамандар осындай пікірге келді. 

Тасқын салдарынан Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағына айтарлықтай зақым келмеген Фото: Хабар 24

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Сенат кулуарында Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдың жұмысына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл жағдайдан (ред. – ұшу-қону жолағын су басып қалу) кейін авиация әкімшілігінің маманын, сарапшысын, инспекторын Ақтөбе жібердік. Бұл сарапшылар (әуежайдың) ұшу-қону жолағына талдау жүргізді. Оған айтарлықтай зақым келмеген, стандарттар мен талаптарға сәйкес еместігі анықталмады. Сәйкесінше әуежай жұмысын қайта жалғастырды", - деді вице-министр тілшілердің сауалына берген жауабында.

Журналистер "Демек жөндеу жұмыстары жүргізілмей ме?" деп нақтылады.

"Жоқ", - қысқа қайырды спикер.

Айта кету керек, осыған дейін су тасқыны салдарынан Ақтөбе әуежайы жұмысын тоқтатқанын жазған болатынбыз. Кейіннен әуежай жұмысын қайта жандандырғаны хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу