Тасқын салдарынан бүлінген жолдарды қалпына келтіруге қанша қаражат керек?

179

Бұл сома мөлшері әлі де өзгеруі мүмкін. 

Тасқын салдарынан бүлінген жолдарды қалпына келтіруге қанша қаражат керек? Фото: inbusiness.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев Мәжіліс кулуарында су тасқыны салдарынан бүлінген жолдарды жөндеуге қанша қаражат кететінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жалпы су тасқыны кезінде бүлінген жолдардың саны 11 учаске, жалпы ұзындығы 33 шақырым. Бұл әртүрлі учаске. Республикалық жолдарды қалпына келтіруге шамамен 8,5 млрд теңге қажет. Жергілікті жолдар бойынша 275 учаскі бар, жөндеу жұмыстарына қосымша 20 млрд теңгеден астам қаражат керек. Әр учаскідегі диагностикалық жұмыстар жеке жасалады. Нақты қаржы мөлшері қосымша хабарланады", - деді ведомство басшысы.

Сөзінше, бүгінгі таңда жолдардағы қозғалыс қайта жанданған. 

"Барлық учаске орташа жөндеуден өтеді", - деді Марат Қарабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу