Тасқын су Атырау облысындағы Құлсары қаласына кіре бастады

238

Жем өзенінің арнасынан асып тасыды. 

Тасқын су Атырау облысындағы Құлсары қаласына кіре бастады Фото: видео скриншот

Атырау облысындағы Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласына тасқын су кіре бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жылыой ауданы әкімдігінің мәліметінше, Құлсары қаласындағы 2 және 3-ауылға тасқын судың кіру қаупі туындады.

"Жем өзенінің арнасынан асып тасыды. Осыған байланысты аудандық жедел штаб Құлсары қаласындағы 2 және 3-ауыл тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру туралы штаб шешім қабылдады. Бірінші кезекте әйелдер, балалар, науқас жандар және I, II, III-топтағы мүгедектер көшіріледі", - деп хабарлады аудандық әкімдік. 

Тұрғындарды орналастыру үшін Құлсары қаласындағы бірнеше мектепте қабылдау пункті ашылды. Эвакуацияланған тұрғындар №1, 5, 6, 8, 9, 16 және 18-орта мектепке орналастырылады. 

"Қауіпсіз аймаққа көшіру жақын жол жиегінде қойылған "БатысТехИнвест" ЖШС-нің автобустары арқылы жүзеге асырылады. Тұрғындардан өзімен бірге жеке құжатын, шағын төсек және басқа қажетті заттарын ала баруы сұралады", - деп мәлім етті аудандық әкімдіктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу