Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр елдімекенінің маңында су тасқыны болып, ауылдан шыға беріс тасжолды шайып кетті, деп хабарлайды inform.kz.
ТЖД мәліметіне жүгінсек, төтенше жағдай өткен түнде сағат 24:00 шамасында болған. Көкшетау гидробекетінен шыққан су мен қар қосылып, Шағалалы өзені арнасынан асқан.
Әзірге тұрғын үйлерді су алғаны туралы нақты мәлімет жоқ. Тек Краснояр бағытындағы Көкшетау қаласының іргесіндегі саяжайларды су басқан. Қазір ТЖД күштері мен құралдары су ағысын реттеуге бар күшті жұмылдырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу