Су тасқыны кесірінен елдегі қос өңірде әлі де тасжолдар жабық. Нақтырақ айтсақ, Солтүстік Қазақстан облысында Челябі-Новосібір жолы мен Қарға аралына кіреберіс бүлінген. Шығыс Қазақстан жақта Семей-Курчатов жолы 20 сәуірден бері жабық. Жол бойындағы құбырлар да шайылып кетуінен бекітілген. Уақытша айналма жолдар жасалған.
Сондай-ақ, бүгін Қарағанды облысында тасқыннан келген зардаптың шығынын есептеу аяқталуға жақын екені айтылды. Жергілікті биліктің санағына жүгінсек, суға батқандардың дені Қарқаралы, Аягөз, Ынталы және Бесоба аймақтары екен. Дегенмен, бір Қарқаралыдағы шығын әзірге 3 млн 670 мың теңгеге жеткен. Енді мұндағы бүлінген 20 үй мен тасжол жөнделуі тиіс. Осы облысқа қарасты – Шет, Нұра, Бұхар жырау және Абай аудандарындағы есеп қорытындыланбақ.
Жалпы биыл еріген қар суынан республиканың басым бөлігі зардап шекті. Әсіресе, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында су қарқыны қатты болған.
Автор: Құралай Пионер