Тасқын су шаруаларға 5 млрд теңге залал келтірген

242

Шаруларға мемлекет тарапынан көмек көрсетіле ме?

Тасқын су шаруаларға 5 млрд теңге залал келтірген Фото: canva.com

Өткен жылдары Қостанай өңірінде көкөніс, картоп егу жұмыстары сәуірдің 20-сы мен мамырдың 10-ы аралығында өткізілетін. Биыл диқандар бұл мерзімде үлгірмеуі мүмкін. Себебі тасқын судан кейін егіс алқаптары әлі өңделмеген. Мұнымен қоса, техника мен құрал-саймандарын су шайып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Табиғи апаттан 107 ауыл шаруашылығы құрылымы 5 миллиард теңгеге жуық шығын шекті. Су сол маңдағы жылыжайды шайған.

- Бұл жерде бәрін қайта қалпына келтіру керек. Әйтеуір қаңқасы құламағанына қуанып отырмыз. Қайтадан қаптау керек, - дейді агроном Евгений Брехачев.

Тасқынның зардабы шаруаларға үлкен соққы болғаны белгілі.

- Суарғыш машинаны ақырындап жөндеп жатырмыз. Мұны енді күзге дейін жөндеп бола алмайтын шығармыз, - дейді шаруа Александр Брехачев.

Ал, Ауыл шараушылығы басқармасы бұл салаға барынша көмек көрсететіндіктерін айтты.

- Су тасқынынан кейінгі кепкен жерлерде жұмыс істелінеді. Мемлекет тарапынан арзандатылған дизель отын бөлінеді. Сонымен қатар, тұқым сатып алуға субсидия беріледі, - дейді облыстық Ауыл шараушылығы басқармасының бас маманы Төлеген Ысқақов.

Айта кетейік, қазіргі кезде жеке адамдарға мүлік пен мал шығыны төленіп жатыр. Су тасқынынан зардап шеккен шаруларға тиісті төлем беріледі деген үміт бар. Жобаға сәйкес арнайы комиссия алқапқа барып келтірілген шығынды есептейді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу