Тасқын судан 1,5 мың үй бүлініп, 5 мың адам эвакуацияланды

960

Тасқын судан 1,5 мың үй бүлініп, 5 мың адам эвакуацияланды

Қазақстанның тағы 5 аймағына су тасқынынан қауіп төніп тұр. Төтенше жағдайлар қызметі бұл – Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облысы екенін айтады.

Соңғы есепке жүгінсек, өткен аптада республикада 1,5 мың үй бүлініп, 5 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшіріліпті. Әлі де су астында қалған 154 баспана бар. Сақтық шарасы күшейтіліп жатыр.

Ал астаналықтар Астрахан ауданындағы су басқан Ескі Колутон ауылына гуманитарлық көмек жіберді. Еріктілерден жиналған топ 2 млн теңгеге азық-түлік, киім-кешек пен өзге де тұрмысқа қажетті тауарлар салынған көлікті аттандырған. Колутон елдімекенінде 52 үй зардап шеккен.

Айта кетсек, бұл – Ақмола облысында қиын жағдайда қалған жалғыз ауыл емес. Атбасар, Целиноград, Сандықтау аудандарын да қарғын су басқан. Төтенше жағдайлар қызметінің дерегіне сүйенсек, Атбасар қаласында 450-ден астам үйді су шайып, 1300-ден астам адам эвакуацияланған. 350-ден астам мал басы зардап шегіпті.

Автор: Құралай Пионер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу