Солтүстік Қазақстан облысындағы көктемгі тасқыннан зардап шеккендерге кезекті көмек керуені келіп жетті, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл жолы Ресейдің шекаралас Түмен облысының тұрғындары қол ұшын созып отыр. Төрт жүк көлігінің ішінде ұн макарон, консервіленген ет, балық, кондитерлік өнімдерге дейін бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шарапаты мол шараға Қазақстаннан қоныс аударған азаматтар белсене атсалысқан.
Енді азық-түліктер арнайы комиссия арқылы мұқтаж жандарға теңдей таратылады. Бұл түмендіктердің соңғы көмегі емес, олар тағы да қол ұшын созуды жоспарлап отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу