Тасқынға қарсы 91 шараның 36-сы орындалмаған

727

170 700 үй қауіпті учаскеде тұр.

Тасқынға қарсы 91 шараның 36-сы орындалмаған

Қыстың соңғы айы түгесілуге жақын қалса да, аймақтардың көктемгі тасқынға дайындығы мәз емес. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырсында осындай мәлімет берді.

"Жалпы, биылғы жылғы су тасқынына толық әзірлік туралы айтуға әлі ерте. Су қорғау аймақтары шегінде орналасқан үйлердің тұрғындарын қауіпсіз учаскелерге көшіру бойынша жоспарланған іс-шаралар орындалмай жатыр. Қазір осы жұмыс тек Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында жүргізіліп жатыр және Ақтөбе облысында басталды. Мұндай жерлерде 170 700 құрылыс пен тұрғын үй орналасқан. Көпшілігі – Алматы қаласында (81 148), ШҚО (47 823), БҚО (21 008), Ақмола (5 693), Қызылорда (4 929) облыстарында. Бұл өте шығынды іс-шара екені сөзсіз, алайда жұмыс істелінбесе, салдары бұдан да ауқымды болуы мүмкін", – деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, өңірлер бұған дейін орын алған тасқындардан әлі де тіисті сабақ алмай отыр. Соның салдарынан жыл сайын қайталанатын жағдайлардың алдын алуға арналған шаралар жоспары толық іске аспай отыр.

"2019 жылы жоспарланған 91 іс-шараның 36-сы іске асырылмай қалды. Оның ішінде жағаны бекіту, су өткізгіш құбырларды салу, су қоймасын жөндеу, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары атқарылмады. Салдарынан 16 мыңнан астам тұрғыны бар 33 елдімекенді су басу қауіп бар.  Олар: Ақтобе (3), Атырау (1), Шығыс Қазақстан (7), Жамбыл (2), Батыс Қазақстан (3), Қостанай (3), Маңғыстау (2), Павлодар (1) және Түркістан (11)", – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу