Тасқыннан келген шығын көлемі әлі белгісіз

180

Су кетпеген елдімекендерде комиссиялар өз жұмысын әлі бастамады. 

Тасқыннан келген шығын көлемі әлі белгісіз Фото: Казахстанская правда

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Бауыржан Сыздықов Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Елдімекендер мен үйлер суға кеткен аймақтардың барлық әкімдіктерінде комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр. Кейбір елдімекендерде су әлі кетпеген, онда комиссия жұмысы әлі басталған жоқ. Бізге шамалы күту керек. Қазір залалды анықтау жұмыстарымен әкімдіктер, баспана мәселе бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі айналысып жатыр. Сондықтан мұнда нақты бір сома туралы айту әлі ерте", - деді вице-министр. 

Айта кету керек, Премьер-Министр Олжас Бектенов тасқын салдарынан жарықсыз отырған ауылдар бар екенін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу