Тасқыннан соң тозған университетке жан бітті

193

Су шаруашылығында қазір зейнеткер көп, жас маман аз.

Тасқыннан соң тозған университетке жан бітті Фото: gov.kz

Таразда тоқырау жылдары жабылған Су шаруашылығы университеті күзден бастап жұмысын қайта бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Үкімет болса, іргелі оқу орнына Ұлттық деген мәртебе беріп үлгерді. Бірақ 26 жыл тірлігі тұралаған университетте қазір материалдық-техникалық базаның 60%-ы ескі. Инфрақұрылым тіпті 90%-ға тозып тұр.

Су маманына сұраныс күрт төмендеген соң, бөлінетін грант та, игерілмей жатыр. Есесіне, су шаруашылығында қазір зейнеткер көп, жас маман аз. Кезінде даңқы дүркіреген оқу орнының мәртебесін билік енді қалай көтермек?

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу