Тасқыннан зардап шеккен ауылдарға әлеуметтік көмек қабылдана бастады

1019

Бірінші болып гуманитарлық көмекті Жамбыл облысы жіберген. 

Тасқыннан зардап шеккен ауылдарға әлеуметтік көмек қабылдана бастады

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов тасқыннан зардап шеккен ауылдарға көмектесу үшін әлеуметтік көмек қабылдана бастағанын жеткізді. 

"Түркістан" корпоративтік қоры халықтан, мекемелерден әлеуметтік көмек қабылдай бастады. Сонымен қатар Атакент ауылының аумағында азық-түлік қойма жұмыс істейді. Бірінші болып көмек қолын Жамбыл облысы созды. Олар 5 ірі жүк көлігімен азық-түлік, бірінші қажеттілік тауарларын жеткізді", – деді ол. 

Қор жұмысын "Нұр Отан" партиясы қадағалайды. Сонымен қатар қор қамқоршылық кеңесіне  ақсақалдар мен облыстағы танымал адамдар мүше болмақ.

"Олар қор жұмысының ашықтығын қадағалайды. Біз жұмсалған қаражат пен берілген гуманитарлық көмектің әр келісі туралы  есеп беріп отырамыз. Қоймада бақылау-камералары орнатылып, әлеуметтік желіде тікелей көрсетілімдер жүргізіледі", – деді Сәкен Қалқаманов. 

"Түркістан" корпоративтік қорының деректемелері: 
БИН: 100440016000
Кбе 18, КНП – 119,
АО "Halyk Bank"
ИИК: KZ886010001000002491
БИК HSBKKZKX

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу