Тасқыннан зардап шеккен қазақстандықтарға жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосыла ма?

491

Қазір аймақтарда өңірлік тұрғын үй бағдарламалары бар.

Тасқыннан зардап шеккен қазақстандықтарға жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосыла ма? Фото: Pixabay.com

Облыстық бюджеттерден тасқыннан зардап шеккендер үшін жеңілдетілген ипотека беруге қаражат бөлінген жағдайда, "Отбасы банк" қолданыстағы бағдарламалар аясында несие беруге дайын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Тілшілер спикерлерден "Су тасқынынан зардап шеккен, баспанасынан айырылған қазақстандықтарға "Отбасы банктен" қандай қолдау болады? Жаңа ипотекалық бағдарлама бола ма?" деп сұрады.

"Қазір біз әкімдіктермен бірлесіп бүкіл статистиканы жинап жатырмыз. Осы азаматтардың арасында кезекте тұрған адамдардың саны қанша дегендей. Баспана кезегінде тұрғандарды "Нұрлы жер" және "Бақытты отбасы" бағдарламалары бойынша бірінші өткізуге жоспар бар", - деді "Отбасы банк" АҚ Басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

"Отбасы банк" АҚ Басқарушы директоры - Орталық филиал директоры Жансұлтан Матайдың сөзінше, әр аймақта халықтың әлеуметтік осал тобынан шыққан азаматтарды қолдауға арналған бағдарламалар жұмыс істеп тұр.

"Су тасқынынан зардап шеккен өңірлер – Батыс Қазақстан, Атырау облыстарымен осы аймақтардың өз қаражаты есебінен өңірлік бағдарлама жасау туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. (...) Бүгінгі таңда өңірлік бағдарламалар бар. Бұл жаңалық емес. Егер облыстық бюджеттен тасқыннан зардап шеккендерге жеңілдетілген ипотека беруге ақша бөлінетін болса, біз оны реттеп, әрі қарай бағдарлама ретінде жеңіл шартпен несиелеуге дайынбыз", - деді "Отбасы банк" АҚ Басқарушы директоры - Орталық филиал директоры Жансұлтан Матай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу