Тасқыннан зардап шеккен өңірлерде қанша үй салынып жатыр?

194

Құзырлы мемлекеттік орган құрылыс жұмыстары қарқын алғанын айтады.

Тасқыннан зардап шеккен өңірлерде қанша үй салынып жатыр? Фото: Атырау облысы әкімдігі

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте су тасқыны болған өңірлерде құрылыс жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер спикерден су тасқыны болған өңірлерде қанша үй салынғанын сұрады. 

"Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында 775 үй салынып жатыр. Ақмола облысында – 331 үй, Ақтөбе облысында – 504 үй, Атырау облысында – 100 үй. Менің ойымша, құрылыстың 80 пайызын 1 қыркүйекке дейін аяқтаймыз. Бірнеше нысандағы құрылысты қыркүйектің 15-20-ыншы күніне созылуы мүмкін. Біздің басты мақсатымыз – қыркүйектің аяғына дейін толықтай құрылысты аяқтау", - деді министр.

Сөзінше, БҚО-дағы Бөрілі ауданында ондаған үйдің құрылысы толықтай аяқталды, Сырым ауданында 14 үй пайдалануға берілді.

"Ақтөбе облысының жағдайы жаман емес, тек бір ауыл өте алыс орналасқан. Аудан орталығынан тағы 90 шақырым бару керек. Жаңа орында ауыл тұрғызып жатырмыз. Бұл ауылды қыркүйектің 15-іне, 20-сына дейін аяқтаймыз. Ақмола облыстарында жұмыс жүргізіліп жатыр. Меніңше, БҚО-дағы, Ақтөбе облысындағы жұмыстардың 80 пайызын бірінші қыркүйекке дейін аяқтаймыз. Қостанай облысында 50 үй пайдалануға берілді, қалған үй 25 тамызға дейін беріледі", - деді Қанат Шарлапаев.

Журналистер Нұра ауылындағы жағдайды нақтылады.

"Осы ауылдың жағдайынан хабардармын. Өзім бірнеше рет сол ауылда болдым. Қазіргі таңда Нұра ауылында 63 үй тұрғызылып жатыр. Олардың көбісінде қабырғасы көтерілген, төбесін жабу керек. Қысқа дейін үлгереміз, осы ауылдың тұрғындары баспанасыз қалмайды", - деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу