Тасқыннан жапа шеккен халыққа шоу-бизнес жұлдыздары қандай көмек беріп жатыр

5191

Ел басына күн туғанда халық жұрт алдында жүрген танымал тұлғаларды іздей бастайды.

Тасқыннан жапа шеккен халыққа шоу-бизнес жұлдыздары қандай көмек беріп жатыр Фото: Kazinform

Солардың бір ауыз жылы сөзі, көмегі қиналған жұртқа жігер болары сөзсіз.

Әлеуметтік желіде "Әншейінде халқым, елім-жұртым деп еміреніп жүретін әншілер қайда? Халқының қасынан табылып, неге елді көмекке жұмылдырмайды?" деген сыни пікірлер көп жазылып жатыр.

Әрине осындай сын сағатта танымал тұлғалар ел алдына шығып, елді сабырға, ауызбіршілікке шақырып, қайрымдылық шаралар ұйымдастырса нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені жұлдыздардың, танымал тұлғалардың сөзі өтімді болатыны рас.

Елдің еңсесін езген су апатына мүмкіндігінше атсалысып көмек атап жатқан өнер өкілдері де жоқ емес. Бүгін айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева судан зардап шеккен өңір тұрғындарына қаржылай көмек атады.

Бұл туралы айтыскер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

– Топан су басып жатқан аймақтардағы халықтың жағдайына алаңдап отырмыз. Біздің күшіміз бірлікте! Бұл қиындықтан да аман өтеміз. Президентіміз барлық шығын өтелетінін айтып жатыр. Азаматтар аман болса осы жерлерде керемет қалашықтар бой көтеріп, арты той болатынына сенеміз. Отбасымыздың атынан 5 миллион қаржы беріп жатырмыз. Алла қаласа балалар киімдері, памперс, тағы басқа керек-жарақты алып әр аймаққа теңдей бөліп таратамыз. Елімізге Алла жар болсын! – деп жазды ол.

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова тасқын судан зардап шеккендерге 1 млн теңге қаржылай көмек беріп, елді сабырға шақырды.

Ол көмегін әрі қарай да жалғастыратынын айтты.

– Елімізде бұндай табиғи апат бұрын-соңды болмаған. Мұндай қиын кезеңдерде бір-бірімізге қол ұшын беріп, демеу болайық. Суға кеткен өңірлерде құтқару жұмысын жүргізіп жатқан азаматтарға мың алғыс! Гуманитарлық, қаржылай көмек көрсетіп жандарға Алла разы болсын. Біздің отбасы да өз үлесін қосып, Каспи банк арқылы 1 млн теңге аудардық! Бұл тек бастамасы, қолымнан келгенше, әлде де көмек беруді тоқтатпаймын, жалғастырамын. Аллам Қазақстанның әр өңірін табиғи апатынан сақтасын, – деп жазды әнші.

Сондай-ақ жақында әлеуметтік желіде, әнші Төреғали Төреәлі, Нұрболат Абдуллин және басқа да шоу бизнес өкілдерінің су апатынан зардап шеккен халыққа қаржылай көмек атап жатқан видео тараған еді.

@toregalitoreali_kz #UDB #TTT ♬ оригинальный звук - Төреғали Төреалі
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу