Күні кеше Мәскеуде ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Федералды қаржы мониторингі қызметінің директоры Юрий Чиханчинмен кездесті, деп жазады inbusiness.kz ҰҚШҰ сайтына сілтеме жасап.
Ю. Чиханчин мен И. Тасмағамбетов терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға, қылмыстық кірістерді жасыруға, заңсыз көші-қонға, киберқылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күресті қоса алғанда, трансшекаралық криминалға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
"Кеңес алаңында "Канал" есірткіге қарсы операциясын іске асырудың тиімділігін арттыру мақсатында ҰҚШҰ қызметімен интеграциялау үшін ТМД қаржылық барлау бөлімшелерінің күш-жігері біріктіріледі. Өткен жылы ғана Росфинмониторинг талдаушылары осы операция аясында 280 млн рубльден астам сомаға есірткі табысын заңдастыруға байланысты қаржылық транзакцияларды анықтады", - деді Юрий Чиханчин.
Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жоғары технологиялар саласындағы қылмыстармен күресуге бағытталған ҰҚШҰ-ның Росфинмониторингпен бірлескен жұмысы нәтижелі екенін атап өтті.
"2022 жылы қаржыны жылыстатуға қарсы іс-қимыл нәтижелері бойынша 950-ден астам ақпараттық ресурстардың жұмысы тоқтатылды, мыңнан астам қылмыстық іс қозғалды", - деп атап өтті ҰҚШҰ Бас хатшысы.