Тасмағамбетов: ҰҚШҰ елдеріне қауіп күшейді

304

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдеріне қауіп күшейді.

Тасмағамбетов: ҰҚШҰ елдеріне қауіп күшейді Фото: РИА Новости

Ұйымның Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Ол халықаралық-саяси ахуалдың нашарлауы, жаһандық және өңірлік деңгейде қақтығыстар мемлекеттеріміздің ұлттық қауіпсіздік жағдайына теріс әсер етеді деп отыр. Халықаралық ұйымдардың беделі мен мәртебесінің төмендеуі жағдайды одан әрі қиындатынын айтады. "Орталық Азиядағы су тапшылығы өңірлік қақтығыстарға әкелуі мүмкін" дейді.

"Бұл кеңістік әртүрлі гибридті технологиялар сыналатын және Ұйымға қатысушы мемлекеттердің ішкі тұрақтылығына елеулі қатерлер қалыптасатын орынға айналды. Өкінішке орай, жаһандық деңгейдегі қарама-қайшылық сөзсіз аймақтық және тіпті субаймақтық деңгейде көрінеді, онда ескі проблемалар күшейіп, жаңалары пайда болады", - деді ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу