Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы қызметінен кетеді

201

Иманғали Тасмағамбетовтің өкілеттігі аяқталып жатыр.  

Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы қызметінен кетеді Фото: ratel.kz

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы алдағы аптада жаңа бас хатшы тағайындайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

3 жылдық мерзімге сайланатын жаңа бас хатшы 27 қарашада Бішкекте өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында таңдалады.

Күн тәртібінде есірткі тасымалына қарсы іс-қимыл, заңсыз көші-қонды шектеу, қауіпсіздік мәселелері бойынша бірлескен декларацияға қол қою, сондай-ақ 2026 жылы Ресейдің төрағалығы аясындағы басымдықтарды бекіту қаралады.

Тасмағамбетов бұл қызметті 2023 жылдың қаңтарынан бастап атқарып келді. Бұған дейін ол ресейлік БАҚ-қа берген сұхбатында Ресейдің Украинадағы әрекетін қолдайтынын айтып, Қазақстанда сынға қалған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу