Тасмағамбетовтің қызмет мерзімін ұзартпаймыз – СІМ

1018

Зейнет жасына жеткен дипломаттың қызметіне министрлік мұқтаж емес.

Тасмағамбетовтің қызмет мерзімін ұзартпаймыз – СІМ

БАҚ өкілдерімен өткен брифингте Сыртқы істер министрілгінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресейдегі Қазақстан елшісі болған Иманғали Тасмағамбетовке қатысты сауалдарға жауап берді. БАҚ өкілдері кейбір тәжірибелі саясаткерлер зейнет жасына келсе де, қызмет мерзімі ұзартылып жататынын еске салып, аталмыш тұлғамен ондай келісім жасалуы қаншалықты мүмкін екенін сұрады. 

"Оның Сыртқы істер министрлігі аясындағы қызметін ұзарту мәселесі тұрған жоқ. Өйткені Президент жарлығымен қызметтен босатылды. Ал оның өкілеттілігі мен еңбеқ қабілетін ұзарту мәселесі Президент әкімшілігінің құзыретіне жатады", – деді Айбек Смадияров. 

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу