Тасманияның батыс жағалауында 230 кит тұқымдастар табылды, олардың жартысы әлі тірі, деп хабарлайды inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Мамандардың пікірінше, табылған теңіз сүтқоректілері қара дельфиндерге немесе гриндерге жатады. Бірнеше күн бұрын Тасманияның солтүстік жағалауындағы Кинг аралында 14 кашалот табылды. Екі жыл бұрын аралдың батыс жағалауында 470 лоцман киттері табылып, олардың 111-і құтқарылды.
Ғалымдардың пікірінше, мұндай жағдайлардың бір бөлігін жаһандық клматтық өзгерістер мен мұхиттың ластануы сияқты экологиялық себептермен түсіндіруге болады. Су температурасының жоғарылауына байланысты ағындардың бағыты өзгереді, ал кит тұқымдастарға кейде ұзақ қашықтыққа қоныс аударуға тура келеді. Лоцман киттерінің жағаға өзін-өзі лақтыру себебі әлі анықталмады.
Динара Мұрат