Тасымалдау кезінде өлген ешкілердің шығынын жеткізуші өтейді

1937

70-тен астам мал Қазақстанға әкеле жатқан жолда қырылып қалды.

Тасымалдау кезінде өлген ешкілердің шығынын жеткізуші өтейді

Сербиядан Қазақстанға импорттық ешкілерді тасымалдау кезінде орын алған мал шығыны туралы abctv.kz тілшісі тапсырыс беруші – Атырау облысының "Сарайшық" асыл тұқымды мал шаруашылығы басшысы Владимир Розметовтан сұрап  білді.  

"БАҚ жазғандай 100 емес, 74 бас мал өлді. Ұшақ Беларусь еліне жанар май құйып алу үшін қонған болатын, сол кезде ұшақ сәтсіз қонған секілді. Бізге хатпен хабарлағандай, тор құлап кетіп, төменгі қабатта тұрған ешкілер өліп қалған. Алайда олар 15 күн ішінде жеткізіп береді. Мал сақтандырылған, сондықтан жеткізуші мәселені өзі шешеді", – деді ол телефон арқылы болған әңгімеде. Шаруашылық басшысы жалпы 300 бас мал жеткізілуге тиіс болғанын растады.

Оның айтуынша, сербиялық жеткізуші асыл тұқымды шаруашылық болып табылады, импорт малдарды айырбастауға қатысты уағдаластық аясында іске асырылуда. 

"Сарайшық" ЖШС ешкі сүті мен ешкі шаруашылығының өнімдерін шығарумен айналысады.   

Еске салар болсақ, бұдан бұрын БАҚ-та Беларусь елі арқылы Қазақстанға жеткізу барысында 100 ешкі қырылып қалғаны жайлы ақпар тараған болатын. Тасмылдауды беларусьтық "Рубистар" әуе компаниясы атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу