Татарстан басшысы Путиннің "тыйымына" көнетінін мәлімдеді

1127

Путин аймақ басшыларын "президент" деп атауға тыйым салатын заңға қол қойған еді. Татарстан басшылығының пікірі "Ресей федерациясының субъектілерінде мемлекеттік билікті ұйымдастырудың жалпы принциптері туралы" заң қабылданған кезде ескерілмеді. Татарстан басшысы Рустам Минниханов осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz. 

Татарстан басшысы Путиннің "тыйымына" көнетінін мәлімдеді

Ол заң бойынша, аймақ басшыларын президент деп атауға тыйым салынған болатын. Минниханов Татарстан билігінің бұған көнетінін мәлімдеді. 

"Заң қабылданды. Біз заңға бағынатын адамдармыз. Бірақ біздің ұстанымымыз ескерілмеді", – деді Минниханов.

Бұған дейін Ресей Президенті Владимир Путин аймақ басшыларын "президент" деп атауға тыйым салатын заңға қол қойды. Олар енді аймақ "басшысы" деп аталуы тиіс. Аймақ әкімшілігі болса, әр министрді федералды орталық келісімімен тағайындауға міндеттелді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу