Татарстан мектебіндегі атыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті

1062

Республика президенті Рустам Минниханов оқиға орнына барды. 

Татарстан мектебіндегі атыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті

Татарстан астанасы Қазан қаласындағы мектептердің бірінде атыс болып, оның салдарынан қаза тапқандардың саны 11-ге жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Ресми дерек бойынша, тағы төрт адам жарақат алған. Қазір олардың барлығы да ем қабылдап жатыр. 

РБК сайтының дерегінше, шабуылды екі адам ұйымдастырған. Біреуі 17 жастағы жасөспірім болып шықты. Тәртіп сақшылары оны дер кезінде қамауға алды. Екіншісін олар жер жастандырған. 

Бұған дейін белгісіз біреулер мектепте оқ жаудырып, артынан жарылыс болғаны және оқушылардың қауіпсіз жерге көшірілетіні, 6 оқушы мен мұғалімнің қайтыс болғаны хабарланған еді. Татарстан президенті Рустам Минниханов пен денсаулық сақтау министрі Марат Садыков оқиға орнына барып, істі өз бақылауына алды. 
Қазір осы іске қатысты тергеу жүріп жатыр.

Шабуыл кезінде мектепте 714 бала, 70 қызметкер (оның 52-сі – мұғалім) болған.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу